СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Маңғыстау облысы бойынша ІМАД
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Аудиторлық іс-шара (тексеріс) жүргізу сәтінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. |
Мамандардың тапшылығына және осының салдарынан жұмыс көлемінің көптігіне байланысты, аудиторлар жетіспеушілігі бар. Мамандар тапшылығына байланысты,бір мезгілде 5-6 аудиторлық шараға тартылады,соған байланысты аудит сапасына әсерін тигізеді. Осы жерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері деңгейі жоғары екендігін көрсетеді. Электрондық аудитке басымдылық беру |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті хат жолдау |
|
2024 жыл қазан |
|
2 |
Әкімшілік құқық бұзған мекемелерге ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартуы бірнеше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу ӘҚбтК-нің 239-бабының 1 тармағында: Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын: 1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса; 2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну, қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау; 3) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою; 4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық – шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 239 бабының 2 тармағында «Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне-төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» -деп көрсетілген. Алайда ӘҚБтК-нің 62 бабына сәйкес құқық бұзушылық анықталған сәттен 2 ай мерзім ішінде әкімшілік жауапқа тартылуы қажет. Осы жерде мекеме бұрында яғни, әкімшілік құқық бұзушылық жасап 1 жыл ішінде қайталаған болса, 2 айдың ішінде бұрын тартылған әкімшілк жауапкершілігі 1 жылдан асатын болса айыппұл салуға жауапты қызметкер мерзімі өткенін күтуі мүмкін. Яғни осы жерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ӘҚБтК-нің 239-бабын бұзған жағдайда 1 жыл ішінде қайталанғаны үшін емес, өткен жылғы қателікті қайта қайталағаны үшін 1 жылдан асып кетседе айыппұлды екі еселенген көрсеткішпен салу қажет. |
Қызметті қамтамасыз ету бөлімі
|
|
2024 жыл қазан-қараша |
|
3 |
Департаменттің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы Жақсыбекқызы Асельге Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Дария» МКК-ның бас есепшісінен пара ретінде 500 000 мың теңгелей «Halyk Bank» АҚ-ғы есеп шотына аударған. Департамент қызметкері Жақсыбекқызы Асель тез арада Департамент басшысы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» қызметкерлеріне байланысып, жедел жұмыстар жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының Маңғыстау аудандық сотының 2024 жылдың 13 ақпанындағы Сот Үкімімен пара берушіге 10 000 000 (он миллион) теңге айыппұл жазасы тағайындалды. |
Департамент қызметкеріне адалдығы үшін «Мақтау қағазы» мен сыйақы беруге ұсынамыз.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне ұсыныс
|
|
2024 жыл қазан |