ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
«Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 1030 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 436-бабы 2-тармағына, 517-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеруді өткізу және тауарларды есепке алуды жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеруді өткізу және тауарларды есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 436-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Өтініш «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына 25-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) сәйкес нысаны бойынша ресімделеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Еркін қоймалар тізіліміне енгізілуге үміттенетін тұлғаларда, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізілген және осындай тізілімдеріне енгізілген тұлғаларда тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеру Кодекстің 424-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
Тексеру аяқталған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды есепке алу жүйелерінің бар болуын тексерудің нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жасайды.
Қорытынды екі данада жасалады, тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы және тексеру барысында болған уәкілетті адам қол қояды. Қорытындының екінші данасы тексерілген тұлғаға беріледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тауарлардың есебін жүргізуді тексеруге:
1) еркін қойма;
2) кеден қоймасы;
3) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар жатады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Кеден рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) қолданатын тұлғалардың, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және УЭО тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін сақталмауын анықтаған кезде мемлекеттік кірістер органдары аталған тұлғаларды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 539-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қолданады.»;
қосымшада:
тауарларды есепке алу жүйелерінің бар болуын тексерудің нәтижелері туралы қорытынды осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
Бұйрықтың қосымша
Тауарларды есепке алу
жүйесінің бар болуына тексеру
өткізудің және тауарлардың
есепке алуын жүргізу
қағидаларына
қосымша
нысан
«БЕКІТЕМІН»
Мемлекеттік кірістер
органының басшысы
(оны алмастыратын адам)
_______________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
20__жылғы «__»_____ __________
күні қолы
Тауарларды есепке алу жүйелерінің бар болуын тексерудің нәтижелері
туралы қорытынды
|
Тауарларды есепке алу жүйелерінің бар жоғына тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу орны
|
Тексеру жүргізудің уақыты және күні |
|
Қорытындының нөмірі және жасалған күні
|
|
|
Тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органының атауы
|
|
|
Тексеруді жүргізетін мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
|
|
|
Тексерілетін заңды тұлғаның толық атауы
|
|
|
Бизнес сәйкестендіру нөмірі |
|
|
Тексерілетін заңды тұлғаның тұрған жері туралы мәлімет |
|
|
Тексерілетін заңды тұлғаның іс жүзінде қызметін жүзеге асыратын жері |
|
|
Заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
|
|
Тексерілген, соның ішінде тексерілетін заңды тұлға ұсынған құжаттар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер |
|
|
Тексеру барысында жүргізілген іс-әрекет туралы мәліметтер (тауарларды есепке алу жүйелеріне қашықтықтан қолжеткізу мүмкіндігін тексеру, берілген логиндер мен парольдер туралы ақпарат және қашықтықтан қолжеткізуді ұсыну тәсілдері) |
|
|
Тексерудің нәтижелері |
|
тексеруді жүргізген лауазымды адамдар:
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Қорытындының екінші данасын ______қосымшалармен бірге __парақта алдым:
(қосымшалардың саны)
____________________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қорытындының (қолы)
екінші данасын алған тұлғаның төлқұжат деректері)
20 __ жылғы «___» _______________
(қорытындының екінші данасын алған күн)