ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
«Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № 657 бұйрығын күші
жойылды деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № 657 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 28739 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |