Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің             2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының              8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2024 жыл;

бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2) көлемі:

Шымкент қаласы – 9 503 287 000 (тоғыз миллиард бес жүз үш миллион екі жүз сексен жеті мың) теңгеден артық емес;

3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                            М. Такиев

«Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 468 бұйрығы
Дата публикации
25 июля 2024