БҰЙЫРАМЫН:
1. «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішінің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»