ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2024 жылдың 1 жартыжылдығының бойынша жұмыс қорытындылары

Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 21 отырыс өткізді және, сонда салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 134 шағымы қаралды.

Қаралған 134 шағымның 42-ы толықтай немесе ішінара жойылды, яғни барлық қаралған шағмынан 31 %. Осыған ұқсас былтырғы жылмен салыстырғанда қаралған шағымдардың саны 21-ге немесе 19 % өсті.

 2024 жылдың 1 жартыжылдығында Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 54 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 974 шешім орналастырылды, соның ішінде 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 56 шешім орналастырылды. 

Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.

Дата публикации
05 июля 2024