|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
|
|
1 |
Департамент басшысы, Департамент басшысының орынбасары, Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы және мамандары |
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі: 1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің; 2) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің; 3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бұған жиынтығында мынадай шарттарды: 1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі; 2) шарттық міндеттемелерді толық орындау; 3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы шарттарын қанағаттандыратын жағдайлар қосылмайды. 5. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады. Осы орайда, мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алуға жауапты маманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою үшін күнтізбелік отыз күнді қолдап есептейді. Яғни осы аралықта мемлекеттік сатып алуға жауапты маман өнім берушімен келісіп аталған күнтізбелік отыз күнді өткізіп сотқа жолдау арқылы, өнім берушіні жосықсыз қатысушы деп танудан құтқаруы мүмкін. Аталған мерзімдер сақталмай мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген жағдай Сот органдарымен талап қою қаралмай кері қайтарылады. Сондықтан, мемлекеттік сатып алуға жауапты маманның Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою үшін күнтізбелік отыз күнді қолдап есептеу барысында өнім берушімен өзара қарым-қатынастар орнатылып, заңсыз әрекеттер жасаудан тұратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
|
Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуден жалтаруы болдырмау үшін, «goszakup.gov.kz» сайтында «сотқа беру уақыты келді» белгісімен автоматты түрде хабарлама қалыптастыру.
|
|
2 |
Департамент басшысы, Департамент басшысының орынбасары, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының мамандары |
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодексінің» (бұдан әрі Салық кодексі) 679-бабындағы арнаулы салық режимін таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібіне сәйкес қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны электрондық нысанда ұсыну барысында салық төлеушінің бір салық режимінен екіншісіне ауысуы туралы мәліметтер қосымшасындағы 2-бағанындағы «B» бөлігіне өткен кезеңдегі уақытты қою арқылы кері уақытпен салық салу режиміне ауысуы арқылы салықтан немесе әкімшілік айыппұлдан жалтару арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады. Яғни, салық төлеушілердің салық салу мерзімінде айналым сомасының Салық кодексінің 82-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге мөлшерлі сомадан асып кету жағдайлары барысында ҚР ӘҚБтК-нің 275-бабында көрсетілген айыппұл сомасынан жалтару мақсатында өткен кезеңдегі күнтізбені қою арқылы кері уақытпен салық салу режиміне ауысуы салық төлеушімен мемлкеттік кірістер органдарының тиісті бақылау жүргізетін маман арасында іскерлік емес қатынастардың орнауына әкеліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.
|
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодексінің» 679-бабындағы арнаулы салық режимін таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібіне сәйкес қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны электрондық нысанда ұсыну барысында салық төлеушінің бір салық режимінен екіншісіне ауысуы туралы мәліметтер қосымшасындағы 2 бағанындағы B - бөлігіндегі өткен кезеңдегі уақытты қою арқылы кері уақытпен салық салу режиміне салық төлеушінің кабинеті арқылы ауыстыру функциясын алып тастау.
|