Қаулысының жобасы
«Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 248, 250, 261, 273 және 275-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты (бұдан әрі – қайта өңдеу шарттары туралы құжат) толтыру мен беру, тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысан бойынша толтырылған қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтінішті қағаз жеткізгіште берген кезде ұсынылған құжат көшірмелерінің әрбір парағы басшысының не оны алмастыратын адамның қол қоюымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің мөрі болса, оның мөрімен куәландырылады.»;
7-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысан бойынша толтырылған өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;»;
8-тармақтың үшінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде қағаз жеткізгіште жүгінген кезде – өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді, портал арқылы жүгінген кезде дәлелді бас тарту жауабы басшының немесе оның орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
11 және 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мынадай:
1) өтініш беруші қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;
2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті ұсынылған деректер, мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) өтініш берушіге тауарларды қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын соттың шешімі (қаулысы, ұйғарымы) заңды күшіне енген кезде уәкілетті орган қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Уәкілетті орган қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тартқан себептер жойылғаннан кейін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге қайта өтініш беруге болады, ол осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады»;.
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Бұл ретте телнұсқаның артқы жағына телнұсқаны берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, оған басшы немесе оның орынбасары не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не жеке кәсіпкер болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтер өзгерген;
2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге негіз болған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжатқа (құжаттарға), оның (оларға) қосымшаларына (толықтыруларға) өзгерістер (толықтырулар) енгізген;
3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныпталуын, сондай-ақ олардың мөлшері мен құнын растайтын құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілген;
4) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормаларын есептеу кестесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде уәкілетті орган өтініш берушінің дәлелді жазбаша өтініші бойынша не өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді өтініші бойынша қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерді өзгертеді (толықтырады).»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Уәкілетті орган:
1) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты берген сәттен бастап анық емес мәліметтер анықталған (белгіленген);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) өтініш беруші жазбаша немесе электрондық дәлелді өтініш берген;
4) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган дәлелді өтініш берген кезде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алады (жояды) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастайды.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған кезде олардың одан әрі айналысы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы заңнамасымен реттеледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:»;
2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов