Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 263 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2024 жыл;

бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2) көлемі:

Абай облысы – 11 926 798 000 (он бір миллиард тоғыз жүз жиырма алты миллион жеті жүз тоқсан сегіз мың) теңгеден артық емес;

Ұлытау облысы – 3 110 035 000 (үш миллиард жүз он миллион отыз бес мың) теңгеден артық емес;

Шығыс Қазақстан облысы – 10 185 544 000 (он миллиард жүз сексен бес миллион бес жүз қырық төрт мың) теңгеден артық емес;

Қарағанды облысы – 13 154 436 000 (он үш миллиард жүз елу төрт миллион төрт жүз отыз алты мың) теңгеден артық емес;

Қостанай – 11 178 156 000 (он бір миллиард жүз жетпіс сегіз миллион жүз елу алты мың) теңгеден артық емес;

Қызылорда – 20 729 051 000 (жиырма миллиард жеті жүз жиырма тоғыз миллион елу бір мың) теңгеден артық емес.

3) нысаналы мақсаты – жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                            М. Такиев

«Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 350 бұйрығы
Дата публикации
11 июня 2024