ҚР ҚМ Бұйрығының жобасы
«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын электрондық кедендік алып қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Ұлттық операторды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық оператор автоматтандырылған жұмыс орындарын орнату арқылы мемлекеттік кірістер органдарына тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесіне рұқсат береді.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық оператор Заңның 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдаушыларға навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, электрондық кедендік алып жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
Мемлекеттік кірістер органы көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, Кодекстің 437-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органы декларантқа, тасымалдаушыға және тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына осындай шешім қабылданғаны туралы хабарлайды және осындай шешім қабылданған кезден бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |