«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ҚР ҚМ бұйрығының жобасы

«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы

 № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                   №16549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, оның ішінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын ашық типтегі кеден қоймасысы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды,                       үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды,         үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарда:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, оның ішінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын ашық типтегі кеден қоймасысы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды                    (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)           502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының                  4-тармағына сәйкес әзірленген және еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, оның ішінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын ашық типтегі кеден қоймасысы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды,                    үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды айқындайды.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, оның ішінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын ашық типтегі кеден қоймасысы аумағының                  (үй-жайының) бір бөлігі, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар»;

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, оның ішінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын ашық типтегі кеден қоймасысы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі – Қоймалар):».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3)   осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

              Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
28 мая 2024