«Қазақстан Республикасы экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19026 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі