«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығының жобасы

«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:  

  1. «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім үлгілерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет) мыналар кіреді:

1) сұр түсті берет;

2) қою көк түсті пиджак;

3) сұр түсті белдемше;

4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;

5) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;

6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;

7) қою көк түсті тері күрте;

8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;

9) сұр түсті кашне;

10) қара түсті жылы етік;

11) қара түсті туфли;

12) сұр түсті шалбар.

 

                                                          2-сурет.

Ескертпе: 1 – күнделікті форма; 2 – жазғы форма; 3 – қысқы форма;
4 – шалбармен күнделікті форма.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше (3-1-сурет):

                                                        

  • 2

3-1-сурет

 

Ескертпе: 1 – алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын:

«

24.

Сигналдық кеудеше

Дана

1

36

»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары (бұдан әрі – нысанды киім) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және функционалдық міндеттеріне кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды тікелей жүзеге асыру жөніндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін үйлестіру және бақылау кіретін мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім кию тәртібін айқындайды.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс орындау кезінде мемлекеттік кірістер органы қжұмыскерлерінің кеудешені киюі міндетті. Кеудеше нысанды киімнің сыртынан киіледі.

Бұл ретте көлік құралдарын тоқтатқан және кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды кедендік бақылау аймағынан тыс жүзеге асырған кезде, сондай-ақ нашар көріну (тұман, жаңбыр) жағдайында және тәуліктің қараңғы уақытында (ымырт, түн) кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жүзеге асырған кезде мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің кеудешені киюі міндетті.

  Кеудеше және сигналдық кеудеше нысанды киімнің сыртынан киіледі.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
17 мая 2024