ҚАРЫЗ АЛУ СОМАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Үкіметтік қарыз алу 2024 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.

2024 жылдың 1 тоқсанында МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 1 855,8 млрд. теңгені құрады.

Сыртқы қарыздардың түсімдері 14,6 млрд. теңгені құрады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 27 260,3 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 20,2% құрады (ЖІӨ кезінде 135 010,8 млрд. тг.) оның ішінде:

1)      мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 94,9% құрайтын үкіметтік борыш 25 861,5 млрд. теңге құрады,

Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:

-        ішкі борышы – 19 066,4 млрд. теңге (73,7%),

-        сыртқы борышы – 6 795,1 млрд. теңге (26,3%);

2)      дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 500,0 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 1,8% құрады;

3)      жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 898,7 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 3,3% құрады.

Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:

өтеу мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді – 788,5 млрд. теңге;
  • орташа мерзімді – 3 164,0 млрд. теңге;
  • ұзақ мерзімді – 21 909,0 млрд. теңге;

пайыздық мөлшерлемесі бойынша:

  • белгіленген – 84%;
  • инфляция индексіне индекстелген - 3%;
  • өзгермелі - 13%.

Есепті кезеңде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 718,4 млрд. теңге құрады.

Дата публикации
13 мая 2024