БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мүлікті өткізу бойынша шығыстар – компанияның бұйрығымен күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында белгіленген және тиісті күнтізбелік жылдың ішінде қолданылатын, қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын, іссапар және әкімшілік шығыстарды қоспағанда, лотты бағалау бойынша жұмсалған шығындар мен оны өткізуге байланысты өзге де шығыстар;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) электрондық әмиян – ұйымдастырушының екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотына енгізген ақшасын көрсетуге арналған тізілімдегі қатысушының дербес шоты;
«15) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға (бұдан әрі – дерекқор) кіретін бірыңғай нүктені беретін
www.e-kazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен мүліктің нақты болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол екі жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады.
Мүліктің іс жүзінде болуы МКО тарапынан жәрдем көрсетумен тексеріледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен мүліктің нақты болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол екі жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады.
Мүліктің іс жүзінде болуы МКО тарапынан жәрдем көрсетумен тексеріледі.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады.»;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Өтінім тізілім веб-порталында тіркелгеннен кейін автоматты режимде өтінім берілген лот бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтің электрондық әмиянда болуына тексеру жүргізіледі.
Электрондық әмиянда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған кезде тізілімнің веб-порталы электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасындағы ақшаны бұғаттауды, өтінімді қабылдауды және тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмірді беру арқылы жеке немесе заңды тұлғаны сауда-саттыққа жіберуді жүзеге асырады.
Электрондық әмиянда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде тізілімнің веб-порталы жеке немесе заңды тұлғаның өтінімін қабылдаудан бас тартады.
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс, мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығындағы кезенде сағат 10.00-ден бастап
17.00-ге дейінгі уақыт аралығында (сағат 15.00-ден кешіктірмей басталады) тізілімнің веб-порталында өткізіледі.
Егер аукцион басталған сәтте аукцион залында лот бойынша аукционға екеуден аз қатысушы тіркелген және болған жағдайда, бұл лот бойынша аукцион өткізілген жоқ деп танылады.
Жылжымайтын мүлік санатына жатпайтын, өткізілмеген мүлік, көлік құралдары және арнайы техника бойынша қайталама аукцион өткізу кезінде осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жалғыз қатысушыға қатысу құқығы беріледі.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Электрондық аукцион барысында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау туындаған кезде ұйымдастырушы:
1) техникалық ақаудың болу фактісін тіркейді және ол тізілім веб-порталы жағында болған кезде компанияны және барлық қатысушыларды тізілім веб-порталында электрондық аукционды тоқтата тұру туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді;
2) ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен бастап
3 (үш) жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру арқылы осы электрондық аукционның жалғастырылу күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды жалғастыруды ұйымдастырады және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық адресіне электрондық хабарлама жолдайды.
Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау болған кезде электрондық аукцион жалғаса береді.»;
32-тармақ алып тасталсын:
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Кепілдік жарна шегерілген сату бағасын электрондық аукционның жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушының есеп шотына енгізеді.
Ұйымдастырушы кепілдік жарна мөлшерін қоса алғанда, сату бағасын сауда-саттық өткізу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде компанияның банк шотына аударады.»;
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Электрондық әмиянда бұғаттаудан шығарылған қатысушының кепілдік жарнасын (электрондық аукцион жеңімпазы, қатысушыны қоспағанда) ұйымдастырушы тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтінішке қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
Жеңімпаз осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде компания жеңімпазға сатып алу-сату шартына қол қою қажеттігі туралы немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тарту туралы хабардар етеді.
Жеңімпаз қабылданған шешімдер туралы компанияға 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Егер жеңімпаз көрсетілген мерзімде өзінің шешімін ұсынбаса, компания кепілдік жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттықтың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.
Жеңімпаз осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде компания кепілдік жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттықтың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасы