Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 cәуірдегі № 387 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет Қаулысының Жобасы

       «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 cәуірдегі № 387 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 cәуірдегі № 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22,
205-құжат):

15-тармақ:

758-65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«758-65) цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау тәртібін және олардың түрлерінің тізбесін бекіту;»;

760) тармақшасымен толықтырылсын:

«Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін әзірлеу және бекіту.».

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тіртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау қажет.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Қазақстан Республикасының

          Прмьер-Министрі                                                        А.Смайылов

 

қаулы жобасы
Дата публикации
29 февраля 2024