«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы»;

 преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі)

351-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және

2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                  Аты-жөні

Бұйрықтың жобасы
Дата публикации
19 февраля 2024