Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы «Qaztrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы»

«Qaztrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы»

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, қоса беріліп отырған алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру Қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) пилоттық жобаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев):

1) 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2025 жылғы 1 наурызды қоса алғандағы кезеңде пилотты жобаны жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы есепті 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде ұсынсын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                              М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі                                  

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы «Qaztrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы»
Дата публикации
13 февраля 2024