Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – қаржы Министрінің салық төлеушілердің тиісті салықтық қарап-тексеруді көрсетуі жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы бұйрығының жобасы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушілердің тиісті салықтық сақтық танытуы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

   1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

   2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

   3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Бұйрықтың жобасы
Дата публикации
02 февраля 2024