«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
340-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«340. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен үзінді-көшірмені алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.
Төреліктерде соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеу шеңберінде түскен шетел валютасын қайта айырбастау міндетті болып табылмайды.
Шетел валютасында түскен бағдарламалық сыртқы қарыздардың қаражатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасындағы банк шотына түскен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тиісті бюджетке қайта айырбастайды.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.