Астана және Алматы қалалары, Атырау облысы үшін 2024 жылға бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерін бекіту туралы (15.12.2023ж. №1293)

Астана және Алматы қалалары,

Атырау облысы үшін

2024 жылға бюджеттік алып

қоюларды аударудың ай сайынғы

мөлшерлерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 158-тармағына                                                    сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Астана және Алматы қалалары, Атырау облысы үшін 2024 жылға бюджеттiк алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерi бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бұйрықты Астана және Алматы қалаларының Қаржы басқармаларының, Атырау облысының Экономика және қаржы басқармасының назарына жеткізсін.
  3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.                                                          Е. Біржанов

2024 жылға бюджеттiк алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерi
Дата публикации
28 декабря 2023