«Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16444 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы»;
1) тармақшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан
әрі – Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.
- Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жатады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есепке алу-бақылау маркасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау маркасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді (қаңылтыр ыдысты қоспағанда).»;
көрсетілген Қағиданың қосымшасына:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда,
алкоголь өнімін есепке алу-бақылау
маркаларымен таңбалау (қайта
таңбалау) қағидаларына
қосымша».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |