«Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің жергілікті есептілікті қабылдауы туралы хабарламамен электронды түрде ұсынылады және электрондық цифрлық қолмен куәландырылады.
Мемлекеттік кірістер органында бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер анықталған кезде халықаралық топтың қатысушысы Есептілікті қағаз тасымалдағышта толтырады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы