«Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндірісінен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министріні 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған, толысылған шарап (шарап материалы),
сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленеді және толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
8-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдеріндегі сусыз этил спиртінің концентрациясы (толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ сыра қайнату өнімінен, шарап ашыту, бал қайнату өнімі және алкоголі аз сусындардан басқа) туралы;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Алкоголь өніміндерін, оның ішінде өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімі өнімдерін өндірудің технологиялық желісін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуін және есептеуді жүзеге асыру тәртібі»;
29-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды, бал арақтары, жүзім арақтары, жеміс арақтары, спирт сусындары және дистиллятарды, толысылған шарап (шарап материалы) және өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімін қоспағанда алкоголь өнімін өндіру барысында есептеу үшін технологиялық желілерде ЕАБА, мыналардан:»;
30-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімін өндіру барысында есептеу үшін технологиялық желілерде ЕАБА, мыналардан:»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Алкоголь өнімінің, өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімі шығынын өлшеуіш құбыр жолының көлденең учаскесінде құю автоматына барынша жақын орнатылады, ол өлшеу кезінде бүкіл қиылыстар бойынша үнемі толы болады. Құбыр жолының аралық ернемектік ажыратқыштарына және алкоголь өнімдерінің, сыра қайнату өнімінің шығынын өлшеуішпен құю автоматының жалғастырушы ернемегі арасындағы басқа да қосылулар қолданылмайды.»;
көрсетілген Қағиданың 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мынандай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша»
Нысан
көрсетілген Қағиданың 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында мынандай редакцияда жазылсын:
«Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiне есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларына
2 қосымша»
Нысан
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |