Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 673-1), 673-2) және 673-3) тармақшамен толықтырылсын:
«673-1) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәркіленген, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті, сондай-ақ мемлекет кірісіне айналдырылған (түскен) мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша деректер базасын жүргізу;
673-2) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;
673-3) басқарушы компанияға берілген активтерді басқару тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 758-71), 758-72), 758-73), 758-74), 758-75), 758-76), 758-77) және 758-78) тармақшамен толықтырылсын:
«758-71) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесіп резиденттердің репатриациялау (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) талабын орындауын бақылау мақсатында, экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
758-72) уәкілетті органмен бірлесіп активтерді қайтару бойынша активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну тәртібін бекітеді;
758-73) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
758-74) өз құзыреті шегінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес валюталық бақылауды жүргізу;
758-75) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағында көрсетілген экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын резиденттердің орындауына валюталық бақылауды жүзеге асыру;
758-76) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына тексеруді жүргізу және (немесе) бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру;
758-77) Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалану және оның монитрингтеу тәртібін айқындау;
758-78) Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы ақпаратты жыл сайын жариялау;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов