«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

            «1. Осы Жеке шоттарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 97-бабы 2 және 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің (салық агенттерінің) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жеке шоттарын жүргізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есепке алу тәртібін, оның ішінде «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

Осы Қағидалармен айқындалатын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, тиісті нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс-орталығына жолдайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «5. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

         1) артық төлем - ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін жеке шоттан есеп-қисаптар сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін жеке жеке көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленген (есепке жатқызылғандарын, қайтарылғандарын шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгендерін шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма.

         2) есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлға - салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың, сондай-ақ жеке шоттардағы өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған (есептелген, кемітілген) және төленген (есепке жатқызылған, қайтарылған) сомаларының есепке алуының дұрыс жүргізілуіне бақылау және есептілікті жасау функцияларын атқаратын тұлға;

         3) міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға - көрсетілетін қызметті алушы салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерін орындауына бақылау функцияларын атқаратын тұлға, сондай-ақ салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдардың есепке жазылған, (есептелген, кемітілген) сомаларының заңдылығын бақылау функцияларын орындайтын тұлға;     

      4) салық есептілігі бойынша бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған (есептелген, кемітілген) сомалары бойынша ақпаратты енгізу және (немесе) бақылау функцияларын орындайтын тұлға;

         5) салық тексеруін жүзеге асыратын лауазымды тұлға - көрсетілетін қызметті беруші салық тексеруін тағайындау (жүргізу) туралы актісімен белгіленген тұлға;

         6) көрсетілетін қызметті алушының жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше (бұдан әрі – ЕАЭО) мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде көрсетілетін қызметті алушы жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылау функциясын орындайтын тұлға;

         7) салықтың және басқа да міндетті төлемнің коды - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бойынша бюджет кірістерін жіктеу бойынша төлемнің цифрлық белгіленуі;

         8) іріктеу - бұрын жеке шотта жүргізілген соманы нөлге келтіру мақсатында растайтын құжаттар негізінде жеке шоттың тиісті бағандарындағы («Есепке жазылған», «Кемітілді») қосымша есепке алу жазбасы.»

62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

            «62. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 53-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген хабарламаға шағым берген жағдайда, осы шағым бойынша шешім шыққанға дейін көрсетілетін қызметті алушы шағым жасаған хабарлама бойынша есептелген сома көрсетілетін қызметті алушы жеке шотында «Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту бойынша мәліметтер» бағанында көрсетіледі. Бұл сомаларға Салық кодексінің 120-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеуден басқа, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 53-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген хабарламаға салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың барлық сомасына шағым жасамаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы даулаған хабарлама бойынша соманың бөлігі салық төлеушінің жеке шотында «Салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту бойынша мәліметтер» бағанында көрсетіледі. Салық кодексінің 120-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеуден басқа, хабарлама бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер және өсімпұлдар сомаларының даулы болып отырған бөлігіне осы шағым бойынша  шешім шығарылғанға дейін мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «65. Шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органының немесе сот көрсетілетін қызметті алушының шағымын қанағаттандырусыз қалдырса, осы сомалар уақтылы төленбеген кезде салық берешегін тәсілдермен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдана отырып, өндіріп алуға жатады. Жеке шотта салық тексеруі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап салық берешегін орындауды кейінге қалдырудың әр күні үшін өсімпұл есептеледі.»;

         68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:      

         «68. Көрсетілетін қызметті алушы келіскен және белгіленген мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны әкімшілік айыппұл салынған сомаға тәсілдермен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Бұл ретте  тәсілдермен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қаулы заңды күшіне енгеннен кейін және ерікті орындау үшін берілген қаулының мерзімі өткеннен кейін қолданылады.»;

         128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «128. Өсімпұлдар есеп айырысуы мынадай формулада жүргізіледі:

         П = (H * P/ 100 * 2,5 * Д)/ 365, мұнда:

         П - есептелген өсімпұлдар сомасы;

         Н - бересі сомасы;

         Р – базалық мөлшерлеме;

         Д - мерзімі өткен күндер саны.»;

            3-тараудың 5-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

         «5-параграф. Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме және есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі»;

         147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «147. Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірмені алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушілерге бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға сұрауды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолдайды.

         Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алу үшің қызметті алушылар есебі қызмет берушімен жүргізілетін, көрсетілетін қызметті берушіге берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді (бұдан әрі - берешегiнiң жоқ (бар) туралы мәліметтер) алу үшін сұрау электронды түрде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жібереді.»;

         148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

            «148. Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме және есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынуға қойылатын негізгі талаптардың тізбелері осы Қағидаларға 16 және 17 қосымшаларында келтірілген.»;

         149 және 150-тармақтар алып тасталсын;

         191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «191. Егер қайтару сомасы айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен асса, онда міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға осы қайтарудың негізділігін растайтын жазбаша қорытынды береді.

         Қайтарудың негізділігін растайтын жазбаша қорытынды беру үшін міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға камералдық бақылауды, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, кемітілген сомаларының заңдылығын бақылауды жүргізеді.»

         293-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «293. Есептілік күніне 1H-нысанды есепті жасау кезінде есептің тиісті бағандары бойынша:

         1) «Жоспар» - бекітілген болжамды көрсеткіштер;

         2) «Нақты түсімдер» - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның деректері бойынша жыл басынан бастап мемлекеттік бюджетке түсімдер;

         3) «Республикалық бюджетке нақты түсімдер» - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап республикалық бюджетке түсімдер;

         4) «Жергілікті бюджетке нақты түсімдер» - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап жергілікті бюджетке түсімдер;

         5) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан барлық түсімдер» - мемлекеттік бюджетке түсімдер қосу бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мемлекеттік бюджетке түсімдер;

         6) «оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер» - жыл басынан бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның деректері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер;

         7) «Орындау пайызы» (бұдан әрі –  орындалу %) - бюджетке түсімдер бойынша есеп күніндегі болжамды көрсеткіштерді орындау пайызы;

         8) «Бересі» - салық төлеушілердің бересілері.

         Есепті мерзімдегі «Бересі» деген бағанына:

         салық, бюджетке төлемдер және «Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген салықтардың, кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген және мерзімінде төленбеген сомалары бойынша артық төленген соманың болуына қарамастан жеке шоттар бойынша (өсімақы мен айыппұлсыз) есептелген және мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін төлемдер;

         Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген бересі сомасы;

         салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі өткен бойда төленуге жататын салық сомасы жатады.

         1Н-нысанды есептің «Бересі» деген бағанында мыналар көрсетілмейді:

         салықты, төлемақыны төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі бар, соның ішінде сотпен бекітілген оңалту жоспарына сәйкес салық сомасы;

         заңды күшіне енген сот шешімімен банкрот деп танылған салық төлеушінің бересі.

         9) «ҚҚС-ты өтеу сомасы, барлығы» - ағымдағы жылдың басынан қайтарылған ҚҚС сомасы;

         10) «Төленген өсімпұлдың сомасы» - өсімпұлды өтеу шотына ағымдағы жыл басынан түскен түсімдер;

         11) «Төленген айыппұл сомасы» - айыппұлды өтеу шотына ағымдағы жыл басынан түскен түсімдер;

         12) «Артық төлем» - бюджетке салықтар мен төлемдердің түрлері, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген, банкрот деп жарияланған, көрсетілетін қызметті алушының артық төлемінен басқа, есепті күні жеке шоттарда іс жүзінде қалыптасқан, бірақ банкроттық туралы іс бойынша жүргізу аяқталмаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша артық төлем және сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының артық төлемі, әрекетсіз көрсетілетін қызметті алушының жеке шотындағы артық төлемі, Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген, талап қоюдың ескіру мерзімінен артық есептелген артық төлем сомасы;

         13) «Жинақтаушы зейнетақы қоры» деген жол бойынша толтырылады: «Нақты түсімдер» деген бағаны - міндетті зейнетақы жарналардың түсімдері, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары «Бересі», «Артық төлем» деген бағандары – тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша  банкроттық туралы іс бойынша жүргізу  аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған салық төлеушілердің бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі немесе артық төленген сома;

         14) «Әлеуметтік аударымдар» деген жол бойынша толтырылады: «Нақты түсімдер» деген бағаны - әлеуметтік аударымдардың түсімдері, «Бересі», «Артық төлем» деген бағандары - тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша  банкроттық туралы іс бойынша жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан әлеуметтік аударымдар бойынша бересі немесе артық төленген сома;

         15) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар» деген жол бойынша толтырылады: «Нақты түсімдер» деген бағаны - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың түсуі, «Бересі», «Артық төлем» деген бағандары - тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша  банкроттық туралы іс бойынша жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған салық төлеушілердің бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша бересі немесе артық төленген сома.»;

         осы Қағидаларға 16, 17 және 22-қосымшалар жаңа редакцияда осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың  1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Бұйрық Жобасы
Дата публикации
18 августа 2023