«Әкімші» кәсіптік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бұйрықпен бекітілген
«Әкімші» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1) банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
2) біліктілікті арттыру – оңалту және банкроттық саласындағы әкімшінің өз функцияларын орындау үшін қажетті кәсіби білімдері мен машықтарын дамыту және тереңдету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шара;
3) оңалту және банкроттық саласындағы әкімші – істі сотта қарау, сондай-ақ оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
4) оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
3-тарау. Мамандықтар карточкасы
Оңалту және банкроттық саласындағы әкімші.
Мамандықтар карточкасы осы кәсіптік стандартқа қосымшада келтіріледі.
|
«Әкімші» кәсіптік стандартына қосымша
|
|||
|
«Әкімші» мамандығының карточкасы |
|||
|
Мамандық коды |
|||
|
Топ коды |
|
||
|
Мамандық атауы |
Әкімші |
||
|
Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі |
|||
|
Кәсіптік білім беру деңгейі |
Құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім |
||
|
Еңбек функциялары |
1. Банкроттық туралы және оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау. |
||
|
2. Банкроттық рәсімін жүзеге асыру. |
|||
|
3. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару. |
|||
|
1 Еңбек функциясы Банкроттық туралы және оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау
|
Іскерлік пен дағдылар: 1. Оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын меңгеру. 2. Оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау. 3. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік құжаттары негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға. 4. Кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыру және өткізу. |
||
|
Білім: 1. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 2. «Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 372 бұйрығы. 3. «Уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 404 бұйрығы. 4. «Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 424 бұйрығы. 5. «Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығы. 6. «Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 427 бұйрығы. 7. «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығы. 8. «Оңалту және банкроттық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 469 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 38 бірлескен бұйрығы. |
|||
|
2 Еңбек функциясы Банкроттық рәсімін жүзеге асыру |
Іскерлік пен дағдылар: 1. Оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын меңгеру. 2. Оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау. 3. Банкрот мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз ету. 4. Кредиторлардың жиналысын ұйымдастыру және өткізу. 5. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті қайтару туралы талап қою. 6. Кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу. 7. Банкрот алдында берешегі бар тұлғалардан осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қою. 8. Реверсивтік факторинг шартын жасасу. 9. Кредиторлар комитетінің шешімі негізінде банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер жасасқан шарттарды өзгерту, бұзу, орындаудан бас тарту немесе олардың жарамдылығын даулау. 10. Сату жоспарына сәйкес банкрот мүлкін өткізуді жүзеге асыру. 11. Борышкердің пайдасына ақша келіп түскеннен кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізу. 12. Құқық қорғау органдарына әдейі жасалған банкроттық белгілерінің бар екенін көрсететін қолда бар деректер туралы хабарлау. 13. Соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтініш жіберу, банкроттың мөрін (болған кезде) жою. |
||
|
Білім: 1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім). 3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі. 5. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі. 6. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. 7. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 9. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 11. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 12. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 13. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 14. «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 15. «Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығы. 16. «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы. 17. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығы. 18. «Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шегін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 344 бұйрығы. 19. «Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 345 бұйрығы. 20. «Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 372 бұйрығы. 21. «Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынған ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 390 бұйрығы. 22. «Уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 404 бұйрығы. 23. «Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде белгілеу мүмкін еместігін растайтын құжат нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 406 бұйрығы. 24. «Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидаларын, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 413 бұйрығы. 25. «Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 424 бұйрығы. 26. «Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 427 бұйрығы. 27. «Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығы. 28. «Оңалту және банкроттық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 469 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 38 бірлескен бұйрығы. |
|||
|
3 Еңбек функция «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару. |
Іскерлік пен дағдылар: 1. Оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын меңгеру. 2. Оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау. 3. Борышкердің мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз ету. 4. Кредиторлардың жиналысын ұйымдастыру және өткізу. 5. Оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. 6. Кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу. 7. Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты кредиторлар жиналысында келісілгеннен кейін сотқа жіберу. 8. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті қайтару туралы талап қою. 9. Бұрын оңалту рәсімінде борышкерді басқаруды борышкер – дара кәсіпкер не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген орган немесе тұлға не шеттетілген оңалтуды басқарушы жүзеге асырған жағдайларда, оңалту кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасау фактілерін анықтау. |
||
|
Білім: 1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім). 3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі. 5. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі. 6. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. 7. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 9. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 11. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 12. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 13. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 14. «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 15. «Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығы. 16. «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы. 17. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығы. 18. «Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 345 бұйрығы. 19. «Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 372 бұйрығы. 20. «Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынған ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 390 бұйрығы. 21. «Борышкердің оңалту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 396 бұйрығы. 22. «Уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 404 бұйрығы. 23. «Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде белгілеу мүмкін еместігін растайтын құжат нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 406 бұйрығы. 24. «Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 424 бұйрығы. 25. «Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 427 бұйрығы. 26. «Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығы. 27. «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығы. 28. «Оңалту және банкроттық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 469 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 38 бірлескен бұйрығы. |
|||
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар |
ұйымдастырушылық қабілеттер; аналитикалық қабілеттер; өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру; коммуникативтік және орындаушылық қабілеттері; стресске төзімділік; тәртіптілік; нәтижеге және тиімділікке бағдарлану. |
||
|
Салалық біліктілік шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы |
|||
|
Кәсіптік стандарттың техникалық деректері |
|||
|
Әзірледі |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
||
|
Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы |
1-нұсқа, 2023 жыл |
||
|
Қайта қараудың болжамды күні |
2026 жыл |
||