ҚАРЫЗ АЛУ СОМАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Үкіметтік қарыз алу 2023 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 3 548,2 млрд.теңгені құрады.

Сыртқы қарыздардың түсімдері 206,0 млрд. теңгені құрады.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 28 542,3 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 24,1% құрады (ЖІӨ кезінде 118 286,9 млрд. тг.) оның ішінде:

1)      мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 86,3% құрайтын үкіметтік борыш 24 623,7 млрд.теңге құрады,

Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:

-        ішкі борышы – 17 045,6 млрд. теңге (69,2%),

-        сыртқы борышы – 7 578,1 млрд. теңге (30,8%);

2)      дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 2 842,3 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 10,0% құрады;

3)      жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 076,3 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 3,8% құрады.

Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:

өтеу мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді – 632,2 млрд. теңге;
  • орташа мерзімді – 3 183,2 млрд. теңге;
  • ұзақ мерзімді – 20 808,3 млрд. теңге;

пайыздық мөлшерлемесі бойынша:

  • белгіленген – 82%;
  • инфляция индексіне индекстелген - 3%;
  • өзгермелі - 15%.

Есепті кезеңде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 1 054,2 млрд. теңге құрады.

Дата публикации
03 августа 2023