«Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16575 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабы 16) және 16-1) тармақшаларына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы   1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

       1-тармақтың 2) тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:

       «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер нысаны;»;

        1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

        «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер бойынша ұсынылатын мәліметтер нысаны бекітілсін.»;

          көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

          осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

         3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
бұйрықтын жобасы
Дата публикации
03 мая 2023