20.03.2023ж. №288
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
|
Е. Жамаубаев |