Ағымдағы жылғы 1-тоқсанда азаматтардан барлығы 5 400 өтініш келіп түсті.
Тоқсан қорытындысы бойынша «Qlik» ТЖ деректері негізінде неғұрлым проблемалық мәселелердің 2 тобынан 3 сұрағы анықталды:
– мемлекеттік сатып алу;
– кедендік шекара.
1) мемлекеттік сатып алуға қатысты
Өтініштердің негізгі бөлігі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қолданыстағы нормаларын, қабылданған жаңалықтарды түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталына техникалық қолдау көрсету бойынша келіп түсуде.
Сонымен бірге, бірқатар өтініштер сатып алуды жүзеге асыру кезінде туындайтын сатып алудың проблемалық мәселелері бойынша түсіп жатыр, атап айтқанда:
- «Alatau Sapa Engineering» ЖШС (ЗТ-2022-02799563), Қостанай облысы бойынша Құрылысшылар қауымдастығы (ЗТ-2022-02799563 ), «Нұрай Сервис» ЖШС (№ ЗТ-Д-17), «Құрылыс-Сапасы» ЖШС (№ ЗТ-С-18) өз өтініштерінде жергілікті әлеуетті өнім бершілерге шартты жеңілдіктер беру және қолдаудың басқа да шаралары қажеттілігі туралы атап өтті.
Осыған байланысты, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – Қағида) аумақтық белгі түріндегі әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін қосымша өлшемшарттар белгілеу бөлігінде түзетулер енгізілді (әлеуетті өнім берушінің тиісті әкімшілік бірлікте орналасқаны үшін 1 % мөлшерінде) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.03.2023ж. № 225 бұйрығы).
- А.Ш. Нұрғабылов (№ ЖТ-2023-00319309), «Нұрай Сервис» ЖШС (№ ЗТ-Д-17) өз өтініштерінде мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлу, бүгінгі күні қалыптасқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына мүмкіндік бермей, барлық мемлекеттік сатып алуларға қатысатын жеке ірі компаниялардың монополиялық жағдайын алып тастау қажеттілігін көрсетеді.
Осыған байланысты, Қағидаларға конкурстық баға ұсынысына теріс мәндер түрінде әсер ететін қосымша өлшемшарт қолдану бөлігіне өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.03.2023ж. № 225 бұйрығы).
Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылында жасалған орындаудағы мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар әлеуетті өнім берушіден әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктен 0,1% алынып тасталатын болады.
Теріс мәндер құрылыс-монтаждау жұмыстарына, кешенді ведомстводан тыс сараптама, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарға қолданылатын болады.
2) кедендік шекара
Бұған дейін мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде «Нұр жолы» бақылау-өткізу пункті арқылы коммерциялық жүктерді өткізуді қажет ететін тасымалдаушылардың айтарлықтай кезегі қалыптасқан болатын.
Шешу жолдары:
2023 жылғы 13 және 20 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың төрағалығымен Қытай Халық Республикасымен (бұдан әрі – ҚХР) өткізу пункттеріндегі өткізу қабілетті реттеу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) кеңестер өткізілді.
Проблемалық мәселелерді жедел шешу мақсатында Бас көлік прокуратурасының 2023 жылғы 17 наурыздағы №5р өкімімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің, «Атамекен» ҰКП-ның, Бас көлік прокуратурасының өкілдерінен тұратын жұмыс тобының мүшелері ҚХР-мен шекарасындағы өткізу пункттеріне бірнеше рет барды.
Бүгінгі күні қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша барлық өткізу пункттерінің өткізу қабілеті ұлғайтылды.