Баспасөз релизі
ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары
Апелляциялық комиссия 2023 жылдың 1 тоқсаныңда 9 отырыс өткізді, сонда 52 шағым қаралып, салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қабылданып, 12 тексерістің нәтижелері жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 23%.
Аппеляциялық комиссиясының 2023 жылдың 1 тоқсаныңда отырысында тікелей Апелляциялық комиссияның мүшелеріне салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 39 өкілдері қатысты және өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 787 шешім орналастырылды, соның ішінде 2023 жылдың 1 тоқсаныңда 24 шешім орналастырылды. Бұдан басқа, «Қазақстандағы салықтар» және «Есеп KZ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында салықтық және кедендік даулар бойынша 48 шешім орналастырылды.