«Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

                            

                         «Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы»

                Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы

                  12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

       ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан        Республикасы Кодексінің 206-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

        көрсетілген бұйрыққа 1, 2, және  6-қосымшалар  осы  бұйрыққа  1, 2 және

        3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

        1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

        2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

        3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және
        2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

 

Бұйрық
Дата публикации
07 марта 2023