ҚАРЫЗ АЛУ СОМАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Үкіметтік қарыз алу 2022 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының нақтылған мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
2022 жылда Қаржы министрлігі жалпы сомасы 3 969,2 млрд. теңгеге МБҚ (бюджетке түсетін түсімдер) орналастырды.
Сыртқы қарыздардың түсімдері 66,0 млрд. теңгені құрады.
Бұл ретте 2022 жылы Қаржы министрлігінің ҰБ валюталық шотына 2023 жылы бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында ХҚДБ бағдарламалық қарызынан 345,7 млн. еуро сомасында қаражат түсті.
2023 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 25 317,7 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 24,4% құрады (ЖІӨ кезінде 103 570,4 млрд. тг.) оның ішінде:
1) мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 86,9% құрайтын үкіметтік борыш 22 008,8 млрд.теңге құрады.
Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:
- ішкі борышы – 14 165,0 млрд. теңге (64,4%),
- сыртқы борышы – 7 843,7 млрд. теңге (35,6%);
2) дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 2 236,2 млрд. теңгені құрады;
3) жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 072,7 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 4,2% құрады.
Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:
өтеу мерзімі бойынша:
пайыздық мөлшерлемесі бойынша:
2022 жылда үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 1 297,4 млрд. теңге құрады.