Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
  2. «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21995 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа еңгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

                                                                                                           

 

Лауазымы                                                  

 

 

              Аты-жөні

 



Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
31 октября 2022