Баспасөз релизі
ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2022 жылдың 1 жартыжылдығының бойынша жұмыс қорытындылары
Апелляциялық комиссия 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 8 отырыс өткізді, сонда 65 шағым қаралып, салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қабылданып, 27 тексерістің нәтижелері жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 42%.
Аппеляциялық комиссиясының 2022 жылдың 1 жартыжылдығында отырысында тікелей Апелляциялық комиссияның мүшелеріне салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 81 өкілдері қатысты және өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 708 шешім орналастырылды, соның ішінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 41 шешім орналастырылды.
Бұдан басқа, «Қазақстандағы салықтар» және «Есеп KZ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында салықтық және кедендік даулар бойынша 82 шешім орналастырылды.
Сондай-ақ, ең қызықты кейстер Министрліктің әлеуметтік желілерінде үнемі орналастырылады (Facebook, Telegram, Instagram).