«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы  бюджет процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша әзірленді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылы 31 наурызда орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылғы 14 сәуірге дейін.

Дата публикации
13 апреля 2022