«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қаржы министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі

Жоба биофармацевтикалық зауыттың субстанцияларын өндіру цехын және BSL-4 зертханасын салу мәселелері бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың 2022 жылғы 18 наурыздағы №21-05/05-3158 хаттамалық тапсырмасы негізінде әзірленді.

Осыған орай, Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына биологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейдегі ғылыми зертханалары мен қауіпті және аса қауіпті штаммдарды жинауға арналған жерасты қоймаларын және иммунобиологиялық препараттар шығару бойынша субстанциялар өндіру жөніндегі цехтар салуды республикалық бюджеттен қаржыландыру бөлігінде толықтырулар енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 25 наурызда  орналастырылған.

Дата публикации
13 апреля 2022