Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығын қабылдау туралы «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» баспасөз релизі

«Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 241 бұйрығы қабылданды (бұдан әрі - Бұйрық), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 наурызда № 27025 болып тіркелген.

Осы Бұйрыққа «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 364 бұйрығын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және заңнамалық актілерді қабылдау күндерін алып тастау бөлігінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес келтіру бөлігінде түзетулер енгізілді.

Дата публикации
14 марта 2022