«Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру туралы» ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;

2) тиісті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің сандық құрамы –              15 адам, оның ішінде 5 адам Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен, 10 адам коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 4 наурызды қоса алғанда.Құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық пошта мекенжайлары: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 (4 кіреберіс, 517/1 кеңсе), k.omarova@minfin.gov.kz, e.kazimova@minfin.gov.kz.Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 750293, 750460.

Дата публикации
21 февраля 2022