«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 82 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 82 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамындағы:
«Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Н.Ө. Рахымғалиев) осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.
3.Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Министр Е.Жамаубаев