"Қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін, табысқа салықтың номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы" бұйрық

Қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін, табысқа салықтың номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 294-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін, табысқа салықтың номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

 

Е. Жамаубаев

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2021 жылғы «__» __________ №__ бұйрығымен бекітілді

 

 Қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін, табысқа салықтың номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі

 

  1. Австрия Республикасы.
  2. Америка Құрама Штаттары.
  3. Армения Республикасы.
  4. Әзербайжан Республикасы.
  5. Беларусь Республикасы.
  6. Бельгия Корольдігі.
  7. Вьетнам Социалистік Республикасы.
  8. Германия Федеративтік Республикасы.
  9. Жапония мемлекеті.
  10. Италия Республикасы.
  11. Иран Ислам Республикасы.
  12. Ирландия Республикасы.
  13. Испания Корольдігі.
  14. Канада.
  15. Корея Республикасы.
  16. Қытай Халық Республикасы.
  17. Латвия Республикасы.
  18. Люксембург Ұлы Герцогтігі.
  19. Малайзия.
  20. Моңғолия.
  21. Нидерланд Корольдігі.
  22. Норвегия Корольдігі.
  23. Пәкістан Ислам Республикасы.
  24. Польша Республикасы.
  25. Ресей Федерациясы.
  26. Румыния.
  27. Сингапур Республикасы.
  28. Словакия Республикасы.
  29. Словения Республикасы.
  30. Тәжікстан Республикасы.
  31. Түркия Республикасы.
  32. Түрікменстан.
  33. Украина.
  34. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі.
  35. Үндістан Республикасы.
  36. Финляндия Республикасы.
  37. Француз Республикасы.
  38. Чех Республикасы.
  39. Швеция Корольдігі.
  40. Швейцария Конфедерациясы (тек келесі Кантондар бөлігінде):
  • Аргау;
  • Базель-Ланд;
  • Базель-Штадт;
  • Берн;
  • Во;
  • Гларус;
  • Граубюнден;
  • Женева;
  • Золотурн;
  • Невшатель;
  • Санкт-Галлен;
  • Тичино;
  • Тургау;
  • Фрибург/Фрайбург;
  • Цюрих;
  • Шаффхаузен;
  • Швиц;
  • Юра.
  1. Эстония Республикасы.
Қосымша
Дата публикации
25 января 2022