«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 82 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы                  5 ақпандағы № 82 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 82 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Н.Ө. Рахымғалиев) осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енедіМинистр                                                                                     Е.Жамаубаев

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2021 жылғы 5 қазандағы

№ 1027 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2021 жылғы 5 ақпандағы

№ 82 бұйрығымен бекітілген

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау

бойынша апелляциялық комиссияның құрамы

Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық және кеден заңнамасы саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің салық саясаты және кеден ісі саласындағы саясат шеңберінде қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық салу саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша);

Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кедендік әкімшілік ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша);

Қазақстан кедендік делдалдарының (өкілдерінің) қоғамдастығының Кеңес төрағасы (келісім бойынша).

Дата публикации
07 октября 2021