|
«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
БҰЙЫРАМЫН:
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы (бұдан әрі – Ереже) осы ереже «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілетін Комиссия құрамына Комиссия Төрағасы, сондай-ақ Комиссия мүшелері кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
6-1. Жұмыс органы алдын ала шешімге өтініш берушінің жазбаша қарсылығын және (немесе) тыңдау хаттамасының көшірмесін өтініш берушіні тыңдау рәсімі аяқталған күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Алдын ала шешімге өтініш берушінің жазбаша қарсылығында және (немесе) тыңдау хаттамасында осыған дейін, шағымда көрсетілмеген жаңа негізді дәлелдер болған жағдайда, Комиссия мүшелері жұмыс органына өз ұстанымдарын жұмыс органымен материалдарды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.