Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамы бекітілсін.
  2. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №22 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Н.Ө. Рахымғалиев) осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.
  4. Осы бұйрық 2021 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді

  

Министр                                                                                 Е. Жамаубаев

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2021 жылғы 05 ақпандағы

№82 бұйрығымен бекітілген

 

 

   

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау

бойынша апелляциялық комиссияның құрамы

 

 

Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық және кеден заңнамасы саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің салық саясаты және кеден ісі саласындағы саясат шеңберінде қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;

Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық салу саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша);

Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кедендік әкімшілік ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша).

Дата публикации
10 февраля 2021