«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ҚР ҚМ 2026 жылғы 9 қазандағы № 681 бұйрығы

«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 36900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төменгі талаптарда:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) есепке алу жүйесі – қаржылық, салықтық және өзге де есептілікті құру мақсатында салық төлеушінің активтері, міндеттемелері, капиталы, шаруашылық және өзге де операциялары туралы деректерді жинауға, тіркеуге, өңдеуге арналған цифрлық жүйе;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) деректер сөресі – деңгейлес мониторинг шеңберінде уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын цифрлық жүйе.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Деректер сөресі ретінде көзделген цифрлық жүйе:

1) салық төлеушінің есепке алу жүйесімен интеграцияланған салық төлеушінің жеке цифрлық жүйесі;

2) салық төлеушінің қолданыстағы есепке алу жүйесіне үстеме және (немесе) қосымша функционал түрінде іске асырылуы мүмкін.»;

14-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық жүйелерімен («Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» цифрлық жүйесімен және электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесімен) цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігіне сынақтардан сәтті өткен жағдайда деректер сөресін интеграциялау;

6) кейін «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» цифрлық жүйесіне жүктеу үшін XML форматына салық есептілігін айырбастау;»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Деректер сөресінің киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптар»;

15-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Деректер сөресінің киберқауіпсіздігі:»;

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келетін киберқауіпсіздігі, құпиялық және деректер сөресіне қолжетімділікті;»;

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен;»;

5) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«өзге де, цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келетін;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) резервтік көшіруді және деректер сөресінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін жеке немесе сериялық түрде туындайтын ақаулар кезінде электрондық цифрлық ресурстардың уақтылы өзекткедірілуін бақылауды;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарда:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) есепке алу жүйесі – қаржылық, салықтық және өзге де есептілікті құру мақсатында салық төлеушінің активтері, міндеттемелері, капиталы, шаруашылық және өзге де операциялары туралы деректерді жинауға, тіркеуге, өңдеуге арналған цифрлық жүйе;»;

көрсетілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарға 4-қосымша осы бұйрыққа
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарға 10-қосымшада:

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

11.

 

Акциз сомасы, теңгемен

»;

реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

17.

 

Акциз сомасы, теңгемен

»;

реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

24.

 

Акциз сомасы, теңгемен

»;

реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

31.

 

Акциз сомасы, теңгемен

»;

реттік нөмірі 63-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

63.

 

Шегерім сомасы, теңгемен

                                                                                                                            »;

көрсетілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарға 11-қосымшада:

реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

 

Пайдалы қазбалар бағасының баға белгілеулерінің орташа арифметикалық мәні, теңгемен

11.

 

Пайдалы қазбалар запастарының құны, теңгемен

         »;              

реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

14.

 

Алдын ала бағаланған запастардың құны, теңгемен

»;

реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

16.

 

Қол қойылған бонус сомасы, теңгемен

»;

реттік нөмірлері 24 және 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

24.

 

АЕК, теңгемен

25.

 

Қол қойылған бонус сомасы, теңгемен

   »;

көрсетілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарға 12-қосымшада:

реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

4.

 

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс, теңгемен

5.

 

Кірістерді түзету сомасы, теңгемен

                                                                                                                           »;

реттік нөмірі 8-жолд мынадай редакцияда жазылсын:

«    

8.

 

Жер қойнауын пайдалануға балама салық сомасы, теңгемен

        »;

реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

« 

12.

 

Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық мақсаттары үшін шегерімдер, теңгемен

13.

 

Шегерімдерді түзету сомасы, теңгемен

                                                                                                                           »;

реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

16.

 

Жер қойнауын пайдалануға балама салық сомасы, теңгемен

                                                                                                                           »;

көрсетілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарға 15-қосымша осы бұйрыққа
2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарға 16-қосымшада:

реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

14.

 

Төлем сомасы барлығы, теңгемен

   »;

көрсетілген Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарға 17-қосымшада:

реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

 

АЕК, теңгемен

   »;

реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

12.

 

Лимит шегінде эмиссия көлемі бойынша төлем сомасы, теңгемен

   »;

реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

15.

 

Төлем сомасы (белгіленген лимиттен жоғары), теңгемен

16.

 

Төлем сомасы барлығы, теңгемен

   »;

реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

26.

 

АЕК, теңгемен

   »;

реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

28.

 

Лимит шегінде эмиссия көлемі бойынша төлем сомасы, теңгемен

    »;

реттік нөмірлері 31 және 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

31.

 

Төлем сомасы (белгіленген лимиттен жоғары), теңгемен

32.

 

Төлем сомасы барлығы, теңгемен

   »;

реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

42.

 

АЕК, теңгемен

   »;

реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

44.

 

Лимит шегінде эмиссия көлемі бойынша төлем сомасы, теңгемен

   »;

реттік нөмірлері 47 және 48-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

47.

 

Төлем сомасы (белгіленген лимиттен жоғары), теңгемен

48.

 

Төлем сомасы барлығы, теңгемен

   »;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарда:

2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) есепке алу жүйесі – қаржылық, салықтық және өзге де есептілікті құру мақсатында салық төлеушінің активтері, міндеттемелері, капиталы, шаруашылық және өзге де операциялары туралы деректерді жинауға, тіркеуге, өңдеуге арналған цифрлық жүйе;»;

6-тармақтың бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«цифрлық жүйе.»;

8-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) цифрлық жүйелер бөлімінде бухгалтерлік, салықтық және өзге де есепке алу түрлерін жүргізу және ұйымдастыру кезінде қолданылатын цифрлық жүйелердің тізбесі мен сипаттамасы ашылады.»;

9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Салық төлеуші цифрлық жүйелерді автоматтандыру деңгейін анықтау кезінде мынадай өлшемшарттарды ескереді:»;

10-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«деректердің бұрмалануын, ақпараттың таралып кетуін немесе санкцияланбаған қол жеткізуді тудыратын цифрлық жүйелердің осалдығын қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері.»;

11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тәуекелдің пайда болу ықтималдығын ескеру қажет, ол әртүрлі факторларды, оның ішінде бұрын ұқсас оқиғалардың жиілігін, бизнес-процестердегі, Қазақстан Республикасының заңнамадағы, сондай-ақ салық төлеушінің қызметіндегі өзгерістерді ескере отырып анықталады.»;

 

12-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«автоматтандырылған – цифрлық жүйеде (есепке алу жүйесін қоса алғанда) орындалады;»;

13-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) процестерді дұрыс автоматтандыруды және бақылау рәсімдерін орындауды қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерде алгоритмдерді, форматтарды және орындау шарттарын баптау арқылы іске асырылатын цифрлық жүйелерді баптауды;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6)    жүзеге асырылатын қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында салық төлеушінің уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын көрсеткіштерге мониторинг пен талдауды қамтитын Қазақстан Республикасы заңнаманың сақталуын бақылауды;»;                                                                                                             

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) қол жеткізуді басқаруға, деректердің тұтастығын қамтамасыз етуге және салық төлеушінің цифрлық жүйелеріндегі өзгерістерді қадағалауға (логирлеу) бағытталған цифрлық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рәсімдерді бақылауды қарастырады.»;

көрсетілген Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарда Талаптарға 1-қосымшада:

реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8.

Цифрлық жүйелерді енгізу, сүйемелдеу, киберқауіпсіздік функцияларын орындайтын бөлімшесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                            »;

көрсетілген Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарда Талаптарға 2-қосымшада:

IV бөлімде:

бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«IV БӨЛІМ. Цифрлық жүйелер»;

реттік нөмірі 4.1.-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 «

4.1.

Цифрлық жүйелердің тізбесі және сипаттамасы

 

 

 

 

 

                                                                                                                            »;

көрсетілген Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарда Талаптарға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарда Талаптарға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтініш беру және оны қарау қағидаларында:

2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) есепке алу жүйесі – қаржылық, салықтық және басқа да есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің активтері, міндеттемелері, капиталы, шаруашылық және басқа да операциялары туралы деректерді жинау, тіркеу және өңдеуге арналған цифрлық жүйе;»;

көрсетілген Деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтініш беру және оны қарау Қағидаларға 2-қосымшада:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық түрлері бөлінісінде мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, салық төлеуші қызметінің өңірлері (салық төлеуші өз қызметін жүзеге асыратын облыстың және (немесе) республикалық маңызы бар қаланың атауы): _______________________________________________»;

көрсетілген Деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтініш беру және оны қарау Қағидаларға 4-қосымшада:

реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Деректер сөресі ретінде қарастырылған цифрлық жүйе:

ð       Салық төлеушінің есепке алу жүйелерімен интеграцияланған салық төлеуші жағындағы жеке цифрлық жүйе

ð       Қолданыстағы салық төлеушінің есепке алу жүйесіне орнатылған және (немесе) қосымша функционалдылық

 

                                                                                                                            »;

реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«                                                                                                                    

10.

Деректер сөресінің көмекші қызметтері

Деректерді сүзу және олардың атрибуттары бойынша құжаттарды іздеу мүмкіндігінің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Ашылуы деректер сөресі арқылы жүзеге асырылған деңгейлес мониторинг жүргізу басталған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде құжаттар мен оқиғалар журналын сақтауды қоса алғанда, деректердің үлкен көлемін өңдеу және сақтау мүмкіндігінің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Жарияланған есептілік топтамасы бойынша журналдауды (логирлеуді) қарауға қол жеткізе отырып, есептіліктің жарияланған нұсқаларында өзгерістердің жоқтығын растайтын тіркеуді қамтамасыз ете отырып, жарияланған есептілік топтамасына өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болмауы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Салық төлеушінің есепке алу жүйелерінен деректер сөресіне деректерді беру, оларды сақтау, түрлендіру және деректер сөресінде көрсету кезінде ақпараттың тұтастығын тексеру мүмкіндігінің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық жүйелерімен (салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі цифрлық жүйесімен және электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесімен) Қазақстан Республикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігіне сынақтардан сәтті өткен жағдайда деректер сөресін интеграциялау мүмкіндігінің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Кейіннен «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» цифрлық жүйесіне жүктеу үшін салық есептілігін XML (eXtensible Markup Language) форматына айырбастау мүмкіндігінің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Салық төлеушінің салық салуға байланысты басқа жүйелерімен деректер сөресін интеграциялау мүмкіндігінің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Веб-браузер арқылы қауіпсіз қол жеткізудің (веб-интерфейс) болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Экрандық мәзірлер, түймелер және (немесе) белгішелер жиынтығы арқылы деректер сөресінің функционалдығын навигациялау және басқару мүмкіндігінің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Пайдаланушылардың көп беттік есептермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экрандық нысандардың болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректер сөресін пайдаланушылар үшін локализацияланған интерфейстің болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

Функционалдылықты кеңейтуді және пысықтау мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ететін деректер сөресінің архитектурасының болуы:

ð       Иә

ð       Жоқ

 

11.

 Деректер сөресінің кибер қауіпсіздігі

 Киберқауіпсіздік

 Құпиялық

 Деректер сөресінің қол жетімділігі

Мынадай тәсілдердің бірімен қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету:

 VPN (қорғалған арна арқылы)

 VPN-сіз

 Басқа

Аутентификацияның болуы:

 Логин және пароль

 SMS хабарлама

 Токен

 Биометриялық сәйкестендіру

Хаттама деректерін беру кезінде пайдалану:

SOAP (Simple Object Access Protocol)

ODATA (Open Data Protocol)

Басқа

Деректерді беру кезінде шифрлау:

HTTPS (Hyper Text Transfer Protocol Secure)

TLS (Transport Layer Security)

Басқа

Резервтік көшірменің болуы:

Иә

Жоқ

Авария немесе ақау жағдайында деректер сөресін қалпына келтірудің мақсатты уақытының болуы:

Иә

Жоқ

Резервтік сақтаудан ақпаратты қалпына келтіру нүктесінің болуы:

Иә

Жоқ

SSL-сертификаттарының болуы:

Иә

Жоқ

Журнал жүргізудің (логирлеу) болуы:

Иә

Жоқ

Журналдауды (логирлеуді) өзгерту, жою және өшіру құқықтарын қоспағанда, қол жеткізу құқықтарын 3 (үш) жұмыс орны түрі бойынша (Комитеттің лауазымды адамы, салық төлеуші және әкімші) бөлу мүмкіндігімен рөлдік модельді орнату мүмкіндігі:

Иә

Жоқ

Негізгі техникалық компоненттерінің резервтік даналары бар деректер сөресінің таратылған ақауларға төзімді архитектурасының болуы:

Иә

Жоқ

 

                                                                                                                            »;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларында:

3-тармақта:

1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қосылған құн салығын қайтаруды есепке алмағанда, салық төлеуші төлеген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да төлемдердің және оның міндеттемелері бойынша әлеуметтік төлемдердің сомасы өтініш берілетін жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін кемінде 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгені құрайтын;»;

2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын немесе бұрын болған және «Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығының (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде № 20916 болып тіркелген) 7-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшасында көрсетілген санаттарға жатқызылған және бір мезгілде мынадай:»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Келісімді бұзу салық төлеушіні қолма-қол немесе пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе Комитеттің цифрлық жүйелері арқылы электрондық нысанда хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу Қағидаларға 1-қосымшада:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Келісімді бұзу салық төлеушіні қолма-қол немесе пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе Комитеттің цифрлық жүйелері арқылы электрондық нысанда хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларында 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11.  Келісім бұзылған жағдайда салық төлеуші Комитетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде деңгейлес мониторингте болу кезеңінде деректер сөресінде қол жеткізуді және есеп жүйелеріне қашықтан қол жеткізуді беруге міндетті.»;

көрсетілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу Қағидаларға 1-қосымшаға қосымшада:

кіріспе бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

Деңгейлес мониторинг туралы келісімге қосымшада:

«Осы Регламент деңгейлес мониторингке қатысушының деректер сөресіне (бұдан әрі – ДС) және цифрлық жүйеде орналасқан бухгалтерлік және (немесе) салықтық есеп жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) Комитетке қолжетімділікті ұсыну тәртібін айқындайды.

Деңгейлес мониторинг туралы келісімге қол қойылғаннан кейін салықтар мен төлемдер бойынша салықтық есептілік көрсеткіштерін ашуды сипаттау мен оларды салықтық, бухгалтерлік тіркеулер және салық салуға жататын объектілерді және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді анықтауға негіз болатын басқа құжаттармен өзара байланыстарын өзгерту және толықтырулар енгізу осы Ақпараттық өзара іс-қимыл регламентке қосымшаға сәйкес нысанда Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларында:

көрсетілген Деңгейлес мониторинг жүргізу Қағидаларға қосымшада:

реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

4.

Бухгалтерлік есепке алуда жылдық жиынтық кірістің 0,1% - дан астам сомасына (бірақ 1 миллиард теңгеден кем емес) елеулі операциялар туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) ұсыну, оның ішінде:

бүлінуіне/жоғалуына байланысты тауар-материалдық қорларны бір реттік есептен шығару;

шығындарды тану;

контрагенттермен өзара есеп айырысу;

конструктивті дивидендтер

 

5.

Қатысушының есепті кезеңде тауарларды (шикізат пен материалдарды, негізгі құралдарды қоспағанда), жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша жылдық жиынтық кірістің 0,1% -нан астам, бірақ 1 млрд теңгеден кем емес сомаға ірі мәмілелерді жүзеге асырды ма Егер болса, көрсетіңіз (контрагенттің атауын, тауарлар, жұмыс, қызметтер түрін, сатып алу құны мен мақсатын ашып көрсетіңіз)

 

                                                                                                                           »;

реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Жылдық жиынтық кірістің 1%-нан астам, бірақ 10 миллиард теңгеден кем емес сомаға дивидендтер төлеу (өзара есепке алу) жүзеге асырылды ма

 

                                                                                                                           »;

реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  «

17.

Қатысушы мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтамағаны үшін 1 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл төледі ме

 

                                                                                                                           »;

реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

19.

Бухгалтерлік, салықтық есепке алу және салық міндеттемелерін есептеуге әсер ететін басқа жүйелер бойынша жаңа цифрлық жүйелерге көшу жүзеге асырылды ма, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық жүйелерге салық есебіне әсер ететін жаңа модульдерді енгізу жүргізілді ме

 

                                                                                                                           »;

осы бұйрықпен бекітілген салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықпен бекітілген салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту бойынша деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықпен бекітілген деңгейлес мониторингке қатысушының түсіндірмесімен келісу туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықпен бекітілген деңгейлес мониторинг жүргізуді қайта бастау туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3)      осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 12.10.2026

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 40143 болып енгізілді

 

бұйрық
Дата публикации
13 октября 2026