Баспасөз релизі
ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2026 жылдың 9 айы бойынша жұмыс қорытындылары
Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2026 жылдың 9 айында 31 отырыс өткізді және салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 194 шағымы қаралды.
Қаралған 194 шағымның 57-і (29%) толықтай немесе бір бөлігі бизнес-қоғамдастықтарының пайдасына шешілді.
Қаралған шағымдардың үлес салмағы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайыздық тармаққа ұлғайды.
Есепті кезеңде Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 284 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қатысушылардың саны 88 адамға өсті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 1 165 шешім орналастырылды, соның ішінде 2026 жылдың 9 айында 49 шешім орналастырылды.
Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» және Қазақстан кедендік делдалдарының (өкілдерінің) ассоциациясы бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.