Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 629 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 «Сыныптауыштарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақта:
«4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес төлем тәсілдерінің сыныптауышы;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің сыныптауышы;»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |