ҚР Қаржы вице-министрі Д.Темірбековтің Шымкент қаласының халқымен кездесуінде қойылған сұрақтардың тізімі
1. Жаңа жекеменшік мектептер ашуға қойылған шектеулер қашан алынады?
Жауап: Жеке меншік мектепті ашу мәселесі Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңымен қарастырылған. Ол бойынша арнайы біліктілік талаптары қойылған және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтары бар және ол негізгі құжат болып табылады.
2. Орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі қалай есептеледі? Бір оқушыға арналған бірыңғай қаржыландыру нормативі қолданыла ма және оның мөлшері қандай факторларға байланысты?Бұл жүйе мектептердің жұмысын қиындатпай ма?Жекеменшік мектептердін төлемдері бойынша формуланы порталға ашық түрде салып беруді сұраймын?
Жауап: Орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі мемлекеттік кәсіпорындарына көлемі бөлек есептеледі және жеке меншік білім ұйымдарына бөлек есептеледі, норматив мөлшері әртүрлі, бұл жүйе мектептердін жұмысына әсер етпейді, жеке меншік мектептердін төлемдері бойынша формуланы порталға ашық түрде міндетті түрде салынатын болады.
3. Жекеменшік мектеп салған жағдайда қаржыландыру мәселесі қалай шешіледі?
Жауап: Жеке меншік мектеп салған жағдайда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қойған санитарлық талаптарына сәйкес келу қажет, сонымен қатар техникалық талаптарға сай болу керек, оқу кабинеттері, спорттық залдары, медициналық пунктері, тамақтану кітапханасы және оқулықтары, сондай-ақ оқу бағдармалары Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес келу керек. Мектеп пайдалануға беріліп, білім беру лицензиясын алғаннан кейін, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ арқылы мемлекеттік тапсырысқа өтінім бере алады. Мемлекет ғимаратты салғаны немесе қайта жаңартқаны және білім беру шығындары үшін қаржы бөледі.