«Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган интеграцияланған цифрлық жүйе арқылы республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қалыптастырады.»;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшаларда орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген Қағидаларға 18-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |